Архив событий

22/10/2016

«Қазақстан Республикасының сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясы» жобасын талқылау

22/10/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай Алматы қаласының Радиоэлектроника және байланыс және Әскери – инженерлік институтында кездесу өткізді.

Бұл кездесуге Радиоэлектроника және байланыс және Әскери – инженерлік институтының басшысы генерал – майор К.Садыков пен осы институттың оқытушылық құрамы мен әскери қызметкерлері қатысты.

«Медиацияны қолданудың тәжірибесі және күрделі мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/10/2016

Семей гарнизоны әскери сотында «Медиацияны қолданудың тәжірибесі және күрделі мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы А.Ж. Жүнісбеков, Семей қалалық сотының судья медиаторы Б.Д. Байбосынова, Шығыс аймағының әскери прокурорының көмекшісі Б.Т.Молдыбаев, кеңсе меңгерушісі Р.К. Бигазина, Семей қаласының әскери бөлімдердің өкілдері, «Бітімгер» орталығының кәсіби емес медиаторы және соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Азаматтарды қабылдау

22/10/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының міндетін атқарушы А.Каиров соттың 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жөніндегі жұмыс жоспарының 1-ші тармағына сәйкес азаматтарды қабылдауды жүргізді.

Төраға міндетін атқарушының  қабылдауында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара  қызметінің заң  басқармасының орынбасары әділет полковнигі  Бауржан Амангельдович Кунбулатов болды.

Жақсылық жасау ойымен құрдымға түсті

22/10/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Е.Ибраимовтың төрағалығымен қаралған азаматтық іс бойынша жеке ұйғарым шығарылды.

Е.Айткенов Қазақстан Республикасы 6679 Ұлттық ұланының әскери полициясында әскери қызмет өткерген және ол Шығыс Регионалдық қолбасшылығында әскери полиция бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.

Радиода сұхбат

22/10/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманы А.Алимбаева  «Қазақ радиосы»-нда «Кіріс құжаттардың айналымы» тақырыбында сұхбат берді.

Алматы гарнизоны Әскери сотында «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

22/10/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай соттың судьяларымен және сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ақшалай компенсациянының айырмасын төлеуден бас тартылды

22/10/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арыз беруші Б.Каримов жауапкерлер Қорғаныс Министрлігі және Талдықорған аудандық пайдалану бөліміне  лауазымды тұлғанын әрекеттерін заңсыз деп тану және республика бойынша 2016 жылдың қаңтар айының бір шаршы метр жаңа тұрғын үйді сату орташа бағасының жайына сәйкес жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдін орнына ақшалай компенсациясының айырмасын төлеу жөнінде бұйрық шығаруды міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Жазаны өтеу мен сот актілерінің орындалу сұрақтары бойынша өзара әрекет

22/10/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай, Алматы гарнизоны Әскери прокуратурасының прокуроры Т.Саткенмен бірлесіп, Алматы қаласының қарулы күштер Басқармасы және әскери басқарма органдарымен және Алматы қаласының қылмыстық – атқарушылық жүйесі Басқармасының қатысуларымен «Жазаны өтеу және сот актілерінің уақтылы орындалуы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Қостанай гарнизоны әскери сотының үкімдері мен шешімдерінің орындау саласындағы мәселелері

22/10/2016

Петропавл қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының Әскери институтында Қостанай гарнизонының әскери соты Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасымен бірлесе «Қостанай гарнизоны әскери сотының үкімдері мен шешімдерінің орындау мәселелері» тақырыбында бірлескен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

22/10/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен А-ның «ҚР ҰҚК ШҚ 2017 әскери бөлімі" РММ-не жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үй үшін 18 770 400 теңге мөлшерінде өтемақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының ұжымы сенбілік өткізді

22/10/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының қызметкерлері сенбілік өткізді.

Сенбілік барысында әскери соты ғимаратының аумағы күл-қоқыстардан тазартылды, яғни сот қызметкерлері түскен жапырақтарды жинаумен, ағаштарды және бордюрды әктеумен айналысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – сот ғимараты аумағын көріктендіру және санитарлық тазарту. Сонымен қатар, қоқыстардан тазалау, оларды жинау мен шығару бойынша жұмыстартар болып табылады.