«Қазақстан Республикасының сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясы» жобасын талқылау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай Алматы қаласының Радиоэлектроника және байланыс және Әскери – инженерлік институтында кездесу өткізді.

Бұл кездесуге Радиоэлектроника және байланыс және Әскери – инженерлік институтының басшысы генерал – майор К.Садыков пен осы институттың оқытушылық құрамы мен әскери қызметкерлері қатысты.

Өзінің сөзінде соттың төрағасы Ж.Жайлаубай, сот саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы негізгі жоба ««Қазақстан Республикасының сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясы» жобасын талқылау». Бұл сот жүйесіндегі судьялардың дәрежесін жоғарлату мен сот жүйесін білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сот жүйесіндегі ғылымды ұйымдастырушылардың қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларын жобалаудағы негізгі құжат осы жоба болып табылады. Сонымен қатар бұл жоба сот ғылымының тапсырмадары мен қағидаларын, мақсатын ашады.

Сонымен қатар, төраға Ж.Жайлаубай, «Ұлт жоспарының» 18 қадамына сәйкес, Сот әділдігі институты ҚР Президенті басқармасының жанындағы  мемлекеттік Академия болып бөлініп, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы сот әділдігі Академиясына өзгерді. Бұл мақсаттылықпен оқытуды сот тәжірибесімен байланыстыруды күшейтуге арналды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық жобасын ұсыну ойы сапалы ғылым қызметтерінің қажеттілігін қамтамасыз ету.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі