Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың 2 жартыжылдығына арналған Жоспарға сәйкес, Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық ұланы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.  Шара барысында, сот төрағасы Д.В.Баймакулов әскери қызметке қабылдану және әскери қызметтен босату туралы, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына тұрғын үйді жалға алуға төленетін жәрдемақы төлеу туралы көкейкесті сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, сот төрағасы аталған шараның әскери қызметкерлердің сот төрелігі жүйесіне деген қызығушылығы мен құқықтық сауаттылығының қалыптасуына жәрдемдесетінін айтып өтті.

Сонымен қатар, сот төрағасы Д.В.Баймакулов Қазақстан Респуликасы Әскери сотының сот жүйесінде жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жұмыс және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың институционалдық реформаларды жүзеге асыру, сот төрелігіне қолжетімділік пен татуласу процедураларының қолдану аясын кеңейту, үш сатылы сот төрелігіне өтуді іске асыруға арналған «нақты 100 қадам» атты ұлттық жоспарын қатысушылардың назарына жеткізді.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі