Судья Атырау гарнизонының әскери қызметшілерімен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Ж.Тажмұханның төрағалық етуімен 5546 санды әскери бөлімінде жеке құрамымен «Ағымдағы жылдың 9 айында қаралған қылмыстық істер бойынша, Атырау гарнизонындағы мекемелер мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен жасалған қылмыстардың хал-ахуалының жалпы жәй күйі» тақырыбында осы әскери бөлімнің әскери қызметшілерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Ж.Тажмұхан осы кездесуде барлық қатысушыларға ағымдағы жылдың 9 айында қаралған Атырау гарнизонындағы қылмыстардың жалпы жәй күйі және олардың себептеріне кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, судья Б.Ж.Тажмұхан кездесу кезінде 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданыстағы жаңа ҚР Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық процестік кодексінің және Қылмыстық атқару кодексінің жаңашылдықтарына, кеңінен тоқталып, осы жаңа заңнамалардағы өзгерістердің, әскери қылмыстарға жауапкершіліктердің күшейтілгеніне ерекше тоқталды.

Осы аталмыш кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер туралы судья Б.Ж.Тажмұханға сұрақтарын қойып, ол бойынша түсіндірме жауаптарын алды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі