Архив событий

22/01/2017

Әскери бөлімде "Сот кабинеті сервисі" тақырыбында өткізілген лекция

22/01/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы Қ.Елдашбаева ҚР ҰҰ 6656 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қатысуымен "Сот кабинеті сервисі" тақырыбында лекция оқыды.

Шараны өткізудің мақсаты – сотқа «Сот кабинеті» сервисі арқылы берілетін арыздар, талап арыздардың санын арттыру.

Сот әскериқызметішнің тұрғын үйге өтемақы алу құқығын қалпына келтірді

22/01/2017

Тұрғын үй үшін төленетін өтемақыны беруден бас тарту туралы тұрғын үй комиссиясының хаттамаларын заңсыз деп тану және бұзу туралы талап арызында талапкер К. Ахметов, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасақ әскери қызметінде күнтізбелік 20 жылдан астам жұмыс істеуде екенін көрсеткен. 2016 жылы 20 шілдеде Семей аудандық бөлімінің бастығының атына екі адамнан тұратын отбасына қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақыны төлеп беру туралы баянатын берген.