Архив событий

29/01/2017

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын талқылау

29/01/2017

Семей гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы заңының талаптарын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары, әскери прокуратураның, әскери тергеу басқармасының, әскери полицияның, әскери бөлімдердің өкілдері қатысты.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес қылмыстық жазадан босатылды

29/01/2017

Қарағанды гарнизонының әскери сотында сотталған Б-ның  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық  жасау  туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес өзін  2016 жылғы 16 қарашада сот үкімімен тағайындалған айыппұл түріндегі жазадан босатуды сұраған өтініші  қаралды.

Сот оқуға кеткен шығынды мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарды

29/01/2017

Талапкер -  «Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ» ММ-сі  жауапкер  «К»-дан оқуына жұмсалған 1 234 739 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес,  жауапкер «К» 15 шілде 2008 жылдан 28 маусым 2012 жыл аралығында Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институтында оқыған.

Рақымшылықты дұрыс қолдау мәселелерін талқылау

29/01/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 24 қаңтарда «Рақымшылықты дұрыс қолдау мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Іс-шараға әскери сотының судьялары мен мамандары,  Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет майоры Б. Әкіремжанова қатысты.

Әскери сотының судьясы М. Аманжолов дөңгелек үстел  барысында Мемлекет Басшысымен 2016 жылы 13 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң қабылданғанын айтты.

Рақымшылыққа байланысты жазадан босатылды

29/01/2017

Өскемен гарнизоны әскери соты Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің сотталған Ю.А.Токаревты 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес жазадан босату туралы ұсынысын қарады.

Әскери соттағы өту режимін сақтау және күшейту

29/01/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында сот мамандары және "Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы" ММ-нің қызметкерлерінің қатысуымен «Соттарда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету»   тақырыбында семинар өтті.

Семинар өткізудің басты мақсаты-өткізу режимін сақтау және күшейту

«Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын дамытуды күшейту» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

29/01/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын дамытуды күшейту» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Шығыс Қазақстан облысының Қорғаныс істер жөніндегі Департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Өтемақыны өндіру туралы талапарыз қанағаттандырылды

29/01/2017

Алматы гарнизоны әскери сотымен талапкер Р.Пиров жауапкер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігі  «53975 әскери бөлімі» РММ-не жекешелендіруге жатпайтын тұрғын үй орнына төленген ақшалай қаражаттың айырмашылығын және сот шығындарын өндіріу туралы азаматтық ісі қаралды.

Тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқығы ақшалай өтемақымен орындалады

29/01/2017

Алматы гарнизонының әскери сотымен, ағымдағы жылдың қаңтар айында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің соттың 2014 жылы шығарған талапқоюшы – әскери қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне Алматы қаласынан тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес пәтерлер беру туралы шешімдерінің орындалуының реті мен тәртіптерін өзгерту бойынша арыздары қаралды.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен жоғарыда аталған сот шешімдері өзгеріссіз қалдырылған.

Әскери қызметкерлер арасындағы әлімжеттік қарым – қатынастардың өзекті мәселелері

29/01/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Академиясында «Әскери қызметкерлер арасындағы әлімжеттік қарым – қатынастар» тақырыбындағы семинар сабағын өткізді.

Семинар сабағына Алматы гарнизоны әскери прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі Д. Шарықбаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Академия басшысының орынбасары полковник С. Бисекеев, басқарма басшылары, кадр бөлімінің басшысы, заңгер, сондай – ақ оқытушылық құрамы.

Көрнеу жалған жауап бергені үшін сотталды

29/01/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында ҚР ҚК-нің 420-бабының 1-бөлімімен сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, сотталушы  Б.2016 жылдың маусым айының 05-не қараған түні застава бойынша кезекші міндетін атқарған мезетте застава аумағында орын алған қылмыстық құқық бұзушылыққа тікелей куә болған.

Аттестаттау қорытындысы бойынша әскери қызметтен босатылған

29/01/2017

Талапкер «Б» жауапкер 2020 әскери бөліміне аттестаттау қорытындысын және жұмыстан босату бұйрығын заңсыз деп тану, бұзу, жұмысқа қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген уақытына  жалақыны өндіру туралы талап арызбен Шымкент гарнизоны әскери  сотына жүгінген.

«Сотқа келушілерді өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

29/01/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотының сот приставы С.Қ.Жантілесов және Қазақстан Республикасының ІІМ Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкері полиция сержанты І.М.Мәнібекпен бірлесе отырып сот мамандарына «Сотқа келушілерді өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібі»  тақырыбында семинар өткізді.

Ашық есік күні

29/01/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотында «Ашық есік күні» өтті. Аталған іс – шарада соттың төрағасы Ж.Жайлаубай өзінің жеке қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Келушілердің қатарында Василий Анатольевич Куроедов болды. В. Куроедов  азаматтық заңнаманың кейбір сұрақтары бойынша түсініктемелер алу үшін жүгінді.

В. Куроедов  өзін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.