Архив событий

05/01/2017

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы талқыланды

05/01/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар, әскери прокурорлар, әскери-тергеу басқармалардың өкілдері және әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Сот төрағасы Г.Мынбатыров өз сөзінде, рақымшылық жасау ізгілік актісі болып табылатынын, заң бұзған азаматтарға қатысты мемлекет тарапынан мейрімділік пен сенім білдірудің көрінісі болатынын атап өтті.

Қазақстандағы әйел құқығы

05/01/2017

2017 жылы 5 қаңтарда Қостанай гарнизонының әскери сотында «Қазақстан Республикасындағы әйел құқықтары» тақырыбында семинар – тренинг өтті.

Іс-шараға судьялар мен сот мамандары, «Қостанай облысы бойынша іскерлік әйелдер Қауымдастығының» төрағасы З.Кұшкімбаева, аға әскери прокурор әділет майоры Б.Әкіремжанова қатысты.

Әскери бөлім өкілдерімен семинар сабақ өткізілді

05/01/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Омаров «Медиация туралы» заңдылығын кең көлемде қолдану мақсатында, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің  2201, 2201«А», 2018, 2015 және  ҚР Ұлттық Ұлан 6656, 3502 әскери бөлімдер өкілдерінің қатысуларымен семинар сабақ өткізді.