Архив событий

14/01/2017

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесі

14/01/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі  бойынша семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі А.Шинжанова «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 29 желтоқсан 2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілгенін,  кодексте мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары туралы, қызметтен тыс уақыттағы және БАҚ өкілдері алдында әдептілікті қатаң сақтау қажеттігін жалпы атап өтті.

Қылмыстық істер бойынша айыппұл түріндегі тағайындалған жазалар туралы сот практикасын талқылау

14/01/2017

Алматы гарнизонының Әскери сотында Қылмыстық істер бойынша 2016 жылға қатысты айыппұл түріндегі тағайындалған жазалар бойынша сот практикасын талқылау талқылау бойынша семинар отырысы өткізілді. Аталған шараға әскери соттың төрағасы, судьялар және мамандар қатысып өздерінің ой-пікірлерін білдірді.