Архив событий

13/01/2017

Сот 4 691 880 теңге мөлшерінде компенсация өндіруге міндеттеді

13/01/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер А-ның бес адамнан тұратын отбасы мүшелеріне ақшалай компенсацияны өндіру жөнінде лауазымды тұлғалардын әрекеттерін заңсыз деп тану, әскери бөлім командирінің 31.08.2016 жылы шығарған бұйрығымен оған 23 459 400 теңге мөлшерінде компенсация төлеу туралы тармағын заңсыз деп тану туралы, ортақтас түрде 5-шы жанұя мүшесі ұлы – Е.-ға 4 691 880 теңге мөлшерінде ақшалай компенсацияны төлеуді міндеттеу және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі және Әдеп кодексінің жаңашылдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел

13/01/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери соты «Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі және Әдеп кодексінің жаңашылдықтары» тақырыбында дөңгелек үстелін өткізді.

Іс-шараға соттың төрағасы Ш.Кадиров, сот мамандары, сонымен қатар әскери бөлімдер мен мекемелердің заңгерлері қатысты. 

Әскери қызметшіге көтерме жәрдемақыны алаяқтық жолымен алғаны үшін айыппұл тағайындалды

13/01/2017

Гарнизондық әскери соттармен тәрбиелік мақсатта әскери қызметкерлердің арасында болатын қылмыстар бойынша сот отырыстарын әскери бөлімдерде жеке құрамның қатысуымен өткізіп отырады.

Осындай бір сот отырысын Талдықорған гарнизоны әскери соты 2016 жылдың 26 желтоқсанда Талдықорған қаласында орналасқан 54... әскери бөлімінде, көшпелі сот отырысында ҚР ҚК-нің 190 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен сотталған 54... әскери бөлімінің әскери қызметкері майор Б-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.