Архив событий

27/01/2017

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/01/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотында ҚР ҚК-нің 462 бабының 1 бөлімімен (Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) айыпталған 22750 әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі, аға сержант Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азаматтарды қабылдау

27/01/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот төрағасы  Е. Ахметжанов  азаматтарды қабылдады. Қабылдау  барысында ол сот жүйесіндегі жүргізілген реформалар, сот төрелігінің жаңартылған құрылымы мен  ашықтығы жөнінде, қылмыстық құқықтық заңнаманың жаңа өзгерістері жайында, тұрғын үй мәселесі  туралы  айтылды.

Жоғары тұрған сот инстанциясына өтініш пен  құжаттарды беру тәртібі жөнінде түсіндіру туралы өтінішпен жүгінген азаматша А.Т. Жаманкозова сұрақтарына толық жауаптар алды.

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өтті

27/01/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотының жұмыс жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 25 қаңтарында Шымкент гарнизоны әскери сотында  «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға келген азаматтарды Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы  қабылдады.