Сот әскериқызметішнің тұрғын үйге өтемақы алу құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тұрғын үй үшін төленетін өтемақыны беруден бас тарту туралы тұрғын үй комиссиясының хаттамаларын заңсыз деп тану және бұзу туралы талап арызында талапкер К. Ахметов, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасақ әскери қызметінде күнтізбелік 20 жылдан астам жұмыс істеуде екенін көрсеткен. 2016 жылы 20 шілдеде Семей аудандық бөлімінің бастығының атына екі адамнан тұратын отбасына қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақыны төлеп беру туралы баянатын берген. Бірақ Семей аудандық пайдалану бөлімінің тұрғын үй комиссиясы оның зайыбы кезінде  оның атан-анасымен бірге пәтерді купондық жүйемен жекешелендіруге қатысқаны үшін яғни, кейіннен оның зайыбы шешесімен әкесі қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік үлесіне ие болған. Мұрагерлік үлесінен бас тартып, өзінің тұрғын үй жағдайын нашарлатқан деп тұрғын үй комиссиясы аталған өтемақыны төлеуден бас тартты.

Талапкер аталған шешіммен келіспейді. Себебі пәтерді жекешелендіру кезінде зайыбы кәмелетке толмағандықтан, одан бас тарта алмады. Соттан Семей АПБ-нің тұрғын үй комиссиясының хаттамаларын заңсыз деп танып, жоюды сұрады.

Сотпен анықталғаны, Семей АПБ-нің өтемақы төлеуден бас тартуы дәлелсіз, яғни заңды негізде баянатпен жүгіндіктен, талапкердің құқығы бұзылды. Пәтер жекешелендіру купонмен сатып алынғанымен, зайыбының тұрғын үйді жекешелендіру кезінде үлесі 50 пайызды құраған. «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңына сәйкес анасының пайдасына өз үлесінен бас тартқалы 5 жыл өтті.

Соттың шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі