Әскери бөлімде "Сот кабинеті сервисі" тақырыбында өткізілген лекция

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы Қ.Елдашбаева ҚР ҰҰ 6656 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қатысуымен "Сот кабинеті сервисі" тақырыбында лекция оқыды.

Шараны өткізудің мақсаты – сотқа «Сот кабинеті» сервисі арқылы берілетін арыздар, талап арыздардың санын арттыру.

Бас маман Қ.Елдашбаева өз сөзінде, азаматтар, өкілдер, адвокаттар сотқа ғаламтор арқылы аталған сервис бойынша талап арыздарын немесе басқа да өтініштерін беруге болатынын, мұның өзі сотқа жүгінушілердің уақыты мен қаражатын үнемдеп, бюрократиялық тосқауылдарды болдырмауға, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланыстарын азайтуға, сыбайлас жемқорлық сәттерінің азаюына себепкер болатынын атап өтті.   

Лекция  соңында бас маман қатысушылардың сұрақтарына  жауаптар берді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі