Тұраққа дұрыс қойылмаған автокөлікке үйдің төбесінен құлаған қарлы-мұзды масса жиыны зақым келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотына талапкер Ш.Бектасова  жауапкер Талдықорған пайдалану бөлімінен материалдық зиянды өндіру туралы талап арызымен жүгінген.

Бектасова сотта үйдің төбесінен қарлы-мұзды масса жиыны түсіп автокөліктер тұрағында тұрған оның «Тойота - Королла» маркалы автокөлігіне зиян келген. Ол автокөлікті жөндеуге 126 000 тенге мөлшерінде қаражат жұмсаған. Талапкермен іс материалдарына автокөлігінің үстіне қарлы-мұздың массасы түскен фотосуреттерін тіркеген.

Сотпен үйдің автокөлік тұрағы орналасқан жеріне барып, суретке түсіру арқылы тексеру жүргізілген. Тексеру кезінде талапкер автокөлігін үйдің шеткі қабырғасынан 1,5-2 метрдей жерге қойғанын, сол жерде қарлы-мұзды масса құлап автокөлігіне зақым келтірілгенін көрсеткен.

Алайда, ол жерге автокөлік қоюға тыйым салынған, ол жер тиісті жабдықталмаған, қалалық және елді мекендерде құрылыс салу Ережелеріне сәйкес автокөлік тұрағы үйдің шетінен 10 метрден кем емес қашықтықта  қоюға рұқсат етілген.

Талапкермен ұсынылған суреттермен тұрақтың орынын көрнекті салыстырғанда, автокөлік үйдің алдыңғы шетінде емес, үйдің сол жақ шетінде ораналасқандығы анықталған. Көрсетілген жағдайлар, жауапкердің материалдық зиянды келтірілгені туралы талапкердің дәлелдерін теріске шығарып отыр.

Сот  жауапкермен келтірілген зиян дәлелденбегендіктен, талап-арыз қанағаттандырусыз калдырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі