Архив событий

25/08/2017

Әскери бөлімнің әскери қызметшілерімен кездесу өтті

25/08/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Б.Дәрібаев ҚР ҰҰ-ның 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.

Б.Дәрібаев өз сөзінде әскери қызметшілердің назарын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың  "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына аударды.       

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сот қызметкерлеріне семинар өткізілді

25/08/2017

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімімен гарнизондардағы әскери соттардың қызметкерлеріне бейнеконференцбайланыс арқылы «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Аталған іс-шараға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Астана қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің өкілі шақырылып, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.