Архив событий

24/08/2017

Қамаудағы сотталушыларды сот отырысы залына жеткізу кезіндегі сақтану шаралары

24/08/2017

Қылмыстық істер жөіндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Қамаудағы сотталушыларды сот отырысы залына жеткізу кезіндегі сақтану шаралары» тақырында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Дәрібаев, ҚР Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің командир орынбасары-штаб бастығы майор А.Серикбаев және штаб басшысының айдауыл бойынша көмекшісі майор С.Стадник қатысты.

Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану қағидалары

24/08/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында кеңсе қызметкерлерінің және сот мәжілісінің хатшыларының қатысуымен «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану қағидалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабақққа қатысушылар сот отырысының аудио-, бейнежазбасын енгізу, сондай-ақ, «Төрелік» ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртіптерін талқылады.

Сот жүйесінің ардагерлері марапатталды

24/08/2017

Семей гарнизоны әскери сотында өткен салтанатты жиында сот төрағасы Жүнісбеков А. сот жүйесінің ардагерлерін  Қазақстан Республиксы әскери сотының 25-жылдығымен құттықтады. Іс-шараға ардагерлер Т.Лукьяненко, Л.Литвиненко және сот қызметерлері қатысты.

Сот төрағасы А.Жүнісбеков  өз сөзінде шақырылған  ардагерлердің Семей гарнизоны әскери сотының қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқаның және Т.Лукъяненко сотта 39 жыл, ал Л.Литвиненко 20 жылдан астам қажырлы еңбек істеп, зейнеткерлікке шыққандықтарын атап өтті.

Сот актілерінің орындалуы бойынша өзекті мәселелер талқыланды

24/08/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Сот актілерінің орындалуы бойынша өзекті мәселелер» атты тақырыпта семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов, кеңсе меңгеруші Ж.Қолғанат, Ақтау аумақтық бөлімі филиалының басшысы А.Кенжебаев, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.

Іс-шараны өткізудің мақсаты- атқарушылық іс жүргізудің жылдам орындалуын арттыру және атқарушылық құжаттарды қайтару фактілерін болдырмау.

Ашық есік күні туралы хабарлама

24/08/2017

2017 жылғы  29 тамызда сағат 11.00-де қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында азаматтардың құқық мәдениетінің деңгейін жоғарлату, сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында ашық есік күні өткізілетіндігі хабарланады.

Іс-шара барысында барлық ниет білдірушілерге құқықтық көмек және кеңестер беріледі.

Конституция күні құрметіне

24/08/2017

Талдықорған гарнизоны әскери сотының бас маманы Г.Б.Есимбековамен «ҚР Конституция күні» тақырыбында Ностальжи радиосында мәлімет берілді.

Г.Есимбекова өз сөзінде елімізде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Ата Заң халықтың таңдауы және мемлекеттің негізгі құжаты болып табылатынын, Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңның асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек деп атап өтті.