Архив событий

21/08/2017

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

21/08/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат 2025 әскери бөлімінде «Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Ж.Қолғанат өз сөзінде, сот өндірісінде инновациялық технологиялар кең қолданылатынын айтып, смс-хабарлама, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, электрондық гибридтік пошта, сот кабинеті, сот отырыстарында аудио-бейне жазбаны қолдану және т.б. жаңашылдықтарға тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептік нормалары және мінез-құлық қағидалары

21/08/2017

Алматы гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік нормалары және мінез-құлық қағидалары» атты тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі С.Ж. Ермаханова сот қызметкерлерін  2016 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп қағидалары)» таныстырып, оның ережелерін зерделеді.