Архив событий

29/08/2017

Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған салтанатты жиын

29/08/2017

Әскери сотта Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдолла, алқа төрағалары, әскери соттардың судьялары және әкімші басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Төраға Сәкен Абдолла іс-шараны аша келе қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ата Заңымыздың мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.

Мемлекеттік мереке Конституция күніне арналған салтанатты жиын

29/08/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 22  жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Сот төрағасы А.У.Исабеков қатысушыларды алдағы Конституция күні мерекесімен құттықтай келе, жұмысымен ерекшеленген қызметкерлерге ведомстволық медальдар мен құрмет грамоталарын табыстады.

Сот оқуға кеткен шығынды мемлекет пайдасына өндіріу туралы бұйрық шығарды

29/08/2017

Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ академиясы борышкер «Б» -тен  оқуына жұмсалған 908  093 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, «Б» 2016  жылдың 24 шілдесінен 2017 жылдын 21 шілде аралығында Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ академиясында оқыған.