Архив событий

23/08/2017

Сот қолхат арқылы қарызды өндірді

23/08/2017

Талдықорған гарнизоны әскери сотында талапкер «О» жауапкер әскери қызметші «К»-дан 250 000 теңге мөлшерінде қарызды және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, талапкер 2015 жылдың мамыр айында  18... әскери бөлімінің әскери қызметшісі «К»-ға 250 000 теңге мөлшерінде қарыз ақша берген. Жауапкер 2015 жылдың 01 қыркүйегінде қарызды қайтаруға міндеттенген. Алайда, оған осы уақытқа дейін қарызын қайтармаған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидалары» атты тақырыптағы семинарлық сабақ

23/08/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидалары» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Сот мәжілісінің хатшысы Р.Каратаев өз баяндамасында қатысушыларға сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша  жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар, мемлекеттік қызметтегі реформалар және  мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар жайында айтты.