«Соттың істі прокурорға жіберуі» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Соттың істі прокурорға жіберуі» тақырыбында семинар  өткізілді.

Іс-шараға төрағаның міндетін атқарушы Б.Дарибаев., Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры Б.Байкелдиев ,  ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери  тергеу басқармасының бастығының орынбасары Е.Шүлден және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында Б.Дарибаев қылмыстық істерді прокурорға қайтарудың негізгі бөліктеріне тоқталып, қазіргі кездегі қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес қылмыстық істер сотпен қайта тергеуге жіберілмейтіндігін айтты. Сонымен қатар, тиісінше жағдайларда прокурорға істер қылмыстық процестік заңның бұзушылықтарын жою үшін жолдау мүмкіндігі қарастырылған.

«Қылмыстық іс прокурорға сотпен толықтыру мүмкін емес және прокурормен жойылуы тиіс бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана  қайтарылады», - деді Б.Дарибаев.

Сонымен қатар төрағаның міндетін атқарушы Б.Дарибаев  қылмыстық істердің қылмыстық тәжірибеде қайтарылу негіздеріне тоқталып өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі