Сот оқуға жұмсалған соманы өндіруді шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Н» жоғарғы әскери оқу орындағы оқуына жұмсалған 1 648 266 теңге мөлшерінде бюджеттік қаражатты өндіру туралы арызбен жүгінген.

Арызданушы өз арызында келесіні көрсеткен. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институты бастығының 10 шілде 2010 жылғы бұйрығымен «Н» ҚР ҰҚК ӘИ курсанттар тізіміне тұрған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің заңнамамен бекітілген және берілген келісім шарттын талаптарына сәйкес,  офицерлік құрамы лауазымындағы әскери (арнайы) оқу орнын аяқтаған соң күнтізбелік есеп бойынша 10 жыл мерзіміндегі әскери қызметті өткеру туралы келісім шартқа қол қойылған.

02.11.2016 жылғы бұйрығына сәйкес «Н» академияны аяқтағаннан кейін 2030 әскери бөлімінің «Жайсан» бақылау бөлім шекарасының офицер лауазымына тағайындалды.

Алайда, Шекара қызметі бастығының орынбасарының 24.03.2017 жылғы бұйрығымен аға лейтенант «Н» ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26 бабы 1 тармағы 13 тармақшасының негізінде, яғни теріс қылықтары үшін әскери қызметтен запасқа босатылған.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңының 39 б. 7 тармағына сәйкес, әскери қызметшi әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтағаннан кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша келiсiмшартты бұзған жағдайда ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi. Ұсталуға жататын сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледі.

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен, «Н» мемлекет пайдасына 1 648 266 теңге сомманы өндіру үшін сот бұйрығы шығарылды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі