Архив событий

25/10/2017

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің басшылығы және әскери қызметшілерімен кездесу өтті

25/10/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы А.Каиров, кеңсе менгерушісі А.Шинжанова, бас маман- сот отырысының    хатшысы А.Сарскулов, сот приставы Д.Мынбай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің басшылығы және әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.

Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

25/10/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар сабағы өтті. Семинарға Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы А.Ж.Махметова, кеңсе меңгерушісі А.Кульманова  мен мамандар қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға құжаттарды сақтауға қабылдау және оларды мұрағаттан беру,  мұрағаттық құжаттардың бар-жоғы мен жай-күйіне тексеру жүргізу, мұрағат қоймаларынан құжаттарды беру тәртібі түсіндірілді.

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Сот кабинеті» мобильдік қосымша бойынша ашық есік күні өткізілді.

25/10/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні»  өткізілді.

Іс –шараға келуші 2015,6656 әскери бөлім  өкілдерін  және Тумба газетінің тілшісін Ақтау гарнизоны әскери сотының судья Б.Омаров пен кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат қабылдады.

Кезекті азаматтарды қабылдау

25/10/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының міндетін атқарушы Б.С.Дарибаев азаматтарды қабылдауды жүргізді.

Төраға міндетін атқарушының  қабылдауында ҚР Ұлттық Ұланының  5573 әскери бөлімінің құқықтық әлеуметті жұмыстары  бойынша командирдің орынбасары  Е. Балгимбаев  болды.