Архив событий

19/10/2017

Төленбеген өтемақы туралы талап арыз сотпен қанағаттандырылды

19/10/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотымен К.-ның «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» ММ-сі, «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2544 әскери бөлімі» РММ-не қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығының орнына төленбеген өтемақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Ақтау гарнизоны әскери сотында семинар сабақ өткізілді

19/10/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент басшысының «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабаққа кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат және сот мамандары қатысты.

"Сот кабинеті" сервисінің пайдаланушылары «Электронды сенімхат» қызметі шеңберінде жаңа мүмкіндіктерге ие болды.

19/10/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьялары мен  мамандары «Сот кабинеті»  сервисінде тіркелген  пайдаланушылардың сотқа электронды сенімхат  жіберулеріне мүмкіндік беретін «Электрондық сенімхат» қызметі бойынша талқылау өткізді. 

Талқылау барысында  сот өндірісінде  «электрондық сенімхатты қабылдау  тәртібі бойынша жеке түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Дау медиация тәртібімен шешілді

19/10/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер «Ж» жауапкер М-дан қарыз ақшасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, жауапкер «М» талапкер Ж-дан қарызға 30 000 теңге ақшалай қаражат алған және 2017 жылғы 01 шілдеге дейін қайтаруды міндеттеніп, ол туралы тиісті қолхат жазып берген. Осыған байланысты, жауапкер қолхатқа сәйкес өзінің міндетін орындамағандықтан, соттан талапкер осы көрсетілген соманы өндіруді сұрады.