Біржолғы төленген ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап арыз сотпен қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен ҚР ҚМ «32363 әскери бөлімі» РММ-нің жауапкер С.-тан шығынды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер өкілі өзінің арызында келесіні көрсеткен: келісім шарт бойынша әскери қызметкер ефрейтор С. 2012 жылғы 5 мамырдағы бұйрыққа сәйкес, 32363 әскери бөлімінің жүргізушісі лауазымына тағайындалған. Осыған орай, оған 49 969 теңге  біржолғы ақшалай сыйақы төленген. Алайда, командирдің  2012 жылғы 19 қарашадағы бұйрығына сәйкес, жауапкер С. әскери қызметтен теріс қылығы үшін шығарылған. Соған байланысты талапкер мемлекет пайдасына 49 969 теңге біржолғы төленген ақшалай сыйақыны өндіруді сұраған.

Өскемен гарнизоны әскери сотының шешіміне сәйкес, ҚР ҚМ «32363 әскери бөлімі» РММ-нің жауапкер С.-тан шығынды өндіріп алу туралы талап арызы толық қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі