Архив событий

23/10/2017

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау

23/10/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында арызданушы «И» анасын оның асырауында болу туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Арызданушы өзінің дәлелдеме негізінде  жұмысын басқа  орынға алмастыру кезінде материалдық көмек алу үшін анасы «Г»-ның асырауында болуды анықтау қажет болғанын көрсеткен. Осыған байланысты арызданушы соттан талабын қанағаттандыруды сұраған.

«Ашық есік күні» өткізілді

23/10/2017

Қостанай гарнизоны әскери сотында гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелердің заңгерлері, сонымен қатар, әскери қызметщілері мен отбасы мүшелерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарынан өтті

23/10/2017

Семей гарнизоны әскери сотының қызметкерлері Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығында «Қазақстан Республикасындағы этникааралық және конфессияаралық қатынастарды басқару» тақырыбы бойынша біліктілікарттыру курстарын өтті.

Өзінің тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатқан

23/10/2017

Шымкент гарнизоны  әскери  сотында талапкер «85395 әскери бөлімі» РММ-сі жауапкер «Б»-ке  мемлекет пайдасына 3 030 417 теңге мөлшеріндегі материалдық зиян сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қызметтік жатақханада тұратын әскери қызметшілерге өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төлеу

23/10/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Р.Болатқан «Қызметтік жатақханада тұратын әскери қызметшілерге өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төлеу» атты семинар сабағын өткізді.

Семинарға судьялар, сот қызметкерлері, сонымен қатар Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының және әскери бөлімдердің өкілдері қатысты.

Атқару-құжаттарын электронды түрде жолдау

23/10/2017

Шымкент  гарнизоны әскери сотында  «Атқару-құжаттарын электронды түрде жолдау» тақырыбында семинар өткізілді.

Кеңсе меңгеруші Г.Себаева өз сөзінде, соттар мемлекеттік сот орындаушыларының құзыретіне қатысты атқарушылық құжаттарды электрондық форматта «Төрелік» АЖ мен АІЖО ААЖ арқылы Әділет департаменттеріне жолданатыны және онда бекітілген қызметкер атқарушылық құжатты өндіріп алу санаты бойынша тиісті аумақтық бөлімге бөлуді жүзеге асыратындығын айтып өтті.

Сот әскери қызметшінің оқуына жұмсалған бюджеттік қаражатты өндіріп алды

23/10/2017

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімі» РММ-сі «М»-нен  оның оқуына жұмсалған  4 864 548 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы арызымен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, 2010 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері институтының басшысы және борышкер «М» арасында борышкердің әскери оқу орнында әскери қызметті өткеру және бітіргеннен кейін әскери міндетті толық өткеру туралы  келісім шарт жасалған.

«Ашық есік күні»

23/10/2017

Сот жүйесінің ашықтығын, айқындығын, азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін жоғарлату, сотқа сенімін арттыру және сот әділдігінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылғы 25 қазанда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Талдықорған гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілетіндігін хабарлаймыз. «Ашық есік күні» өту кезінде барлық азаматтарға құқықтық көмек көрсетілетін болады. 

Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, 9-алаң, 12 үй.