Архив событий

26/10/2017

Істерді апелляциялық сатыға жолдау

26/10/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Істерді апелляциялық сатыға жолдау» тақырыбында семинар өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі А.Қульманова өз сөзінде апелляциялық сатыдағы істер бойынша АПК-тің талаптарымен және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа тоқталды. «Барлық келіп түскен апелляциялар, жеке шағымдар мен наразылықтар алу күнінде тіркеледі. Шағымды пошта арқылы алған кезде, шағым беру күнін анықтау үшін конверт қоса беріледі », - деп еске салды.