Архив событий

18/10/2017

Есірткіні өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды...

18/10/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен  ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген 2534 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор «М»-қа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылы шілде айында «М» Алматы облысында танысынан есірткінің «құрғатылған марихуана» түрін заңсыз иемденіп, ары қарай өткізу мақсатында сақтаған.

"Сот актілерінің орындалуын бақылау" атты дөңгелек үстел өткізілді

18/10/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотында облыстың аға сот орындаушыларының және әскери бөлімдер заңгерлерінің қатысуларымен "Сот актілерінің орындалуын бақылау" атты дөңгелек үстел өткізілді.

Отырыс барысында сот актілерінің орындалуына жауапты жетекші маман А.Серикбаева өз сөзінде мемлекеттің пайдасына өндірілуге жататын бақылаудағы сот актілерінің мерзіміне және нақтылы орындалуына аса назар аударып, олардың уақытылы не болмаса мүлдем орындалмауы сот жүйесіне кері әскерін келтіріп, халықтың сотқа деген сенімін төмендететіндігін айтып өтті.

Апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды қабылдау және беру тәртібі

18/10/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды қабылдау және беру тәртібі» тақырыбында  семинар сабағы өтті.Семинарға кеңсе меңгерушісі А.Шынжанова мен сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағы  барысында жетекші маман  Э.Майлышева апелляциялық шағымдар мен наразылықтардың қабылдау  және тіркеУ тәртібін түсіндірді.