Есірткіні өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен  ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген 2534 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор «М»-қа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылы шілде айында «М» Алматы облысында танысынан есірткінің «құрғатылған марихуана» түрін заңсыз иемденіп, ары қарай өткізу мақсатында сақтаған.

«М» өзінің қылмыстық ойын ары қарай жүзеге асыру мақсатында газет қағазына оралған үш орам бумадағы есірткінің «құрғатылған марихуана» түрін заңсыз түрде 3000 теңгеге өткізген.

Сот үкімімен «М» ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлігін тәркілеп, оны 5 (бес) жылға бас бостандығынан айырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуі белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі