Төленбеген өтемақы туралы талап арыз сотпен қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен К.-ның «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» ММ-сі, «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2544 әскери бөлімі» РММ-не қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығының орнына төленбеген өтемақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер К. сотқа жоғарыда аталған талап арызымен жүгіне отырып, келесіні көрсетті: ол 1997 жылдың 23 мамырынан бастап әскери қызмет өткеруде. 2544 әскери бөлімі оған және оның отбасы мүшелеріне жекешелендіруге жатпайтын қызметтік пәтер берген.  Қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақыны төлеу туралы баянатты талапкер  2016 жылғы 2 тамызда жазған. 2016 жылғы 4 тамыздағы тұрғын үй комиссиясының отырысында оның баянаты қаралып, қызметтік тұрғын үйді жекешендіру құқығының орнына ақшалай өтемақыны өндіруге, атап айтқанда оған 18 767 520 теңге төлеуге шешім қабылданған. 2016 жылғы 5 тамызда ақшалай өтемақыны төлеу туралы бұйрық шығарылған. Алайда, оған 2016 жылғы 27 қазанда 14 075 640 теңге ғана өтемақы аударған. Осы орайда, соттан жауапкерлерден оған қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығының орнына төленбеген 4 691 880 теңге өтемақыны өндіріп алуды сұрайды.

Әскери соттың шешімімен жауапкерлерден талапкер К.-ның пайдасына қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығының орнына төленбеген 4 691 880 теңге өтемақыны өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі