«Сот кабинеті» атты тақырыпта «Ностальжи» радиосында ақпарат берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотының бас маманы Н.Ж.Жунисовамен «Ностальжи» радиостанциясында «Сот кабинеті» туралы сұхбат берілді.

Н.Жунисова өзінің сөзінде, сот жүйесіне жаңа технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, қағазбастылық пен бюрократиялық кедергілерді жоятындығын түсіндірді.

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі халық үшін сот жүйесінің қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге мүмкіндік береді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы жеке және заңды тұлғалар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ ғаламтор арқылы арыздарын беруге, сот отырысының қатысушылары қашықтықтан істің қозғалысыны бақылауға мүмкіндік алады. Ең бастысы – электронды цифрлік қолтаңбаның болуы қажет, оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады», -  деді Н.Жунисова.

Сұхбат соңында, халық арасында күннен күнге «Сот кабинеті» сервисіне сұраныстың артып келе жатқаны айтылды. Сондықтан, азаматтарға сотқа жүгіну мүмкіндігін жеңілдететін қолданыстағы сервистер туралы ақпаратты жеткізу маңызды болып табылатындығы айтылды. 

 

 

 

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі