Әскери соттың әкімшісі және «Қалаға құқық - инклюзивтік сарапшылар қауымдастығы» мүгедектер бірлестігі өзара ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Әскери сотта «Әскери соттың әкімшісі» РММ-сі және «Қалаға құқық –инклюзивтік сарапшылар қауымдастығы» республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігі арасында өзара ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Келісімде өз қолдарын Әкімші басшысы Нұрсұлтан Байтілесов және қоғамдық бірлестіктің төрағасы Жадрасын Садуақасов бекітті.

Аталған келісімде әскери соттар ғимараттарының және көрсетілетін қызметтерінің мүгедектіктің әртүрлі нысандары бар адамдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі бағыттардағы басымдақтар айқындалды. 

Оған қоса ыңтымақтастық, қызмет көрсету орнына дейін физикалық кедергілерді жоюға, балама турде қызмет көрсетуге, соның ішінде үйге шығу арқылы, ақпараттың ыңғайлы орналасуына, ҚР әскери соттарында көмекшілердің кедергісіз қозғалысын ұйымдастыру жұмысы бойынша және мүгедектерге қызмет көрсетудің қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз етуге арналған жоспарларға бағытталған.

Бұдан басқа, белгіленген стандарттарға сәйкес ғимараттардың қолжетімділігіндегі кемшіліктерді анықтау және оларды түзету үшін әскери соттар ғимараттарына бірлескен рейдтер ұйымдастыру жоспарланған.

Сонымен қатар, келісім бойынша әскери сот тарапынан арыз немесе жүгінулерді беру үшін соттардың кеңсесіне өз бетімен келе алмайтын мүгедектердің ауызша өтініші бойынша, үйде қызмет көрсетуге жәрдемдеседі. Сонымен бірге, «Сот кабинеті» қызметінің көмегімен сотқа талап арыздарды, шағымдарды, өтініштерді электронды түрде беру мүмкіндігі туралы түсіндірме және оқыту жұмыстары да қатар жүргізілетін болады.

Қоғамдық бірлестіктің тарапынан гарнизондардағы әскери соттар ғимараттарына қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша құрал-жабдықтар орнату кезінде кеңестер жүргізіледі. Сондай-ақ гарнизондардағы әскери соттар ғимараттарын бейімдеу мақсатында «Мүгедектерге қолжетімділік қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету және ахуалдық көмек көрсету» нұсқауын әзірлеу және бекіту кезінде көмек керсетіледі.  

Кездесудің қатысушылары, меморандумға қол қою екі мемлекеттік мекеме арасындағы өзара әрекеттестік пен ыңтымақтастықты одан әрі күшейтетініне сенім білдірді. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар