Әскери мүлігін абайсызда жою салдарынан келтірілген зиянды өндіріп алу туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизонының әскери сотымен оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде талапкер 2033 әскери бөлімінің М.Журсуновтан әскери мүлігін абайсызда жою салдарынан келтірілген зиянды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2033 әскери бөлімнің теңгеріміндегі «УАЗ-39625» маркалы автокөлік, «Амангелді» көлік бақылау бөлімінің кіші сержант М. Жунусовтың атына тіркеліп, аталған автокөлік құралының техникалық және материалдық жауапкершілігі жүктелген. 2015 жылы 5 қарашада аталған автокөлік М.Жунусовың үйінің алдында өздігінен жанудан толығымен жанып кеткен. Болжап болмайтын жағдайды болдырмас үшін М.Жунусов автокөлікті шекара заставасының күзетіне тапсыру міндетті еді. Тауарлық сот сараптамасының қорытындысы бойынша, жинақталған және ақаусыз көлік болған жағайда, автокөліктің бағасы 730600 теңгені құрады. Сондықтан, соттан жауапкердің кінәлігінен 2033 әскери бөліміне келтірілген мүліктік залалды әскери бөлімнің пайдасына өндіріп беруді сұрады. 

ҚР Еңбек кодексінің 161 бабы 1,3 бөлімдеріне сәйкес еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзі келтірген залал үшін материалдық жауапкершілігі, егер ҚР ЕК-те және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) нәтижесінде келтірілген залал үшін және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген залал арасындағы себепті байланыс үшін басталады. Қызметкер жұмыс берушінің алдында: жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін; қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін материалдық жауаптылықта болады.

Осы аталған мән-жайларға байланысты, сот талапкердің талап-арызын толығымен қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі