Әскери қызметшілерге көтерме жәрдемақы төлеу кезінде арақашықты ескеру қажет...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотында оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен талапкер 35... әскери бөлімі жауапкер А.Мейрбековтен 259 664 теңге мөлшерінде төленген көтерме жәрдемақыны мемлекет пайдасына өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Әскер қолбасшысының бұйрығымен Мейрбековке Арыс қаласындағы 74... әскери бөлімнен Шымкент қаласындағы 35... әскери бөліміне әскери қызметін ары қарай жалғастыру үшін ауыстырылған.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы ҚР Заңының 44 бабы 8 тармағына сәйкес əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім немесе бөлімше құрамында) ауысқан кезде оларға, əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай жабдықталым жəне əрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай жабдықталымның жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.

Осыған қарамастан, жауапкерге 259 664 теңге сомасында көтерме жәрдемақы төленген. Алайда, кейіннен анықталғандай, екі қаланың ара қашықтығы 76,0 километр болған.

Осыған байланысты, сот талап арызды толығымен қанағаттандырып, жауапкерден заңсыз төленген көтерме жәрдемақыны 259 664 теңге мөлшерінде ақшалай сомманы мемлекет пайдасына және 7790 тенге баж салығын мемлекет пайдасына өндіруді шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі