Рақымшылық жасау туралы заңына сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен ҚР ҚК-нің 190 бабының 1 бөлігінде көзделген (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған 18... әскери бөлімінің келісім-шарт бойынша әскери қызметкері аға сержант «Н» қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2014 жылы «Н» және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ММ-нің арасында «Қолжетімді баспана-2020» бойынша тұрғын үй-жайларды жалға алу шарты жасалынған. Келісім-шартқа сәйкес, оған пәтер берілген. Ол осы мүлікті кейін сатып алу құқығымен ай-сайын жалға алу төлемін төлеп отырған. Осыған сәйкес, «Н» және оның отбасы мүшелері жалға алынған пәтерді алғаннан кейін, тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мәртебесінен айырылған.

Алайда, «Н» өзінің отбасы мүшелерімен мемлекеттік қордан берілген үйінде тұрып, 2015 жылы өзінің енесімен тұрғын үйді жалға алу  келісім-шартын жасасқан. Аталған келісім-шартты және басқа да құжаттарды, оның ішінде меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы туралы анықтаманы әскери бөлімінің тұрғын үй комиссиясына өтемақы алу үшін ұсынған. Осылайша, тұрғын үй комиссия құрамын жалған мәліметтермен адастарып, тұрғын үй жалдағандай ой тудырып, мемлекеттік бюджеттен жалға берілетін тұрғын үй үшін мақсатты ақшалай өтемақы алған.  

Осылайша, ол алаяқтық жасап, яғни, басқаның мүлкін алдап, ұрлау арқылы 930 406 теңге көлемінде мемлекетке залал келтірген.

Сот қаулысымен «Н» 190 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына рақымшылық жасау туралы» Заңның 2 бабының 1 тармағына сәйкес  қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс өндірісімен тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі