«Прокуратура туралы» ҚР жаңа заңы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында төрағаның міндетін атқарушы М. Аманжоловтың төрағалығымен «Прокуратура туралы» ҚР Заңы» тақырыбымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының өкілдері, әскери бөлімдердің заңгерлері мен әскери соттың қызметкерлері қатысты.

Судья М. Аманжолов өз сөзінде жаңа Заңның қабылдануы – заман талабымен үндес деді. Күшіне енген осы құқықтық құжат, тек қадағалаушы саланың қызмет өрісін кеңейту ғана емес, сонымен қатар, азаматтардың прокуратура органдарына деген сенімін күшейте түсетінін атап өтті.

Аға прокурор Әкіремжанова прокуратура өзінің бастамасымен  кейбір құзыреттіліктерден бас тартқандықтан, жаңа «Прокуратура туралы» Заң қабылдау қажеттілігі туындады, бұның барлығы халық үшін маңызды мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлу үшін жасалғанын көрсетті.

«Бұрын прокурорлар азаматтық процесте көптеген істерге қатысып келді, енді жаңа Заң кабылданумен жаппай қатысудан бас тартамыз. Бұдан былай тек мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғауға және өзін қорғауға қабілетсіз азаматтардың дауына араласатын боламыз», - деді Әкіремжанова.

Іс-шараға қатысушылар тақырыпқа қатысты тағы да басқа мәселелерді талқылап, оларға түбегейлі жауаптар алынды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі