Қызметтік тұрғын үйдің алынбаған ақшалай өтемақының айырмасын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны  әскери  сотымен  талапкер «У» жауапкер ММ «ҚР Қорғаныс Министрлігі»  қызметтік тұрғын үйді  өтеусіз жекешелендіру  құқығының орнына алынбаған 2 633 148 теңге мөлшерінде  ақшалай  өтемақысының айырмасын және сот шығындарын  өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысыда анықталғандай, талапкер қайтыс болған әскери қызметші «Б»-ның жұбайы екенін. Оның жұбайы «Б» ҚР-нің Қарулы  Күштер қатарында келісім шарт бойынша 1994 жылдан  бастап  әскери  қызметін атқарған, шектеулі жасқа келуіне байланысты  әскери қызметтен 12 қантар 2015 жылы  шығарылған. «Б»нің  баянаты негізінде  12 наурыз 2013 жыл тұрғысындағы  статистикалық деректерді қолданған бөлім командирінің  ақшалай өтемақыны төлеу туралы бұйрығы шыққан. Қорғаныс Министрлігінде  2014 жылдың статистикалық  деректері  болған жоқ.

Қорғаныс Министрлігінің  лаузымды  тұлғалар ақшалай өтемақыны  төлеу барысында  2013 жылдың статистикалық деректерін негізсіз қолданды, яғни  бір шаршы метрдің  құны 194 100 теңгені, бірақ төлемдер  2014 жылдың наурыз айына белгіленген статистикалық  деректер  арқылы  тұрғын  үйдың бір шаршыметрі 218 481 теңгеден  жасау тиіс  деген мән-жайларға   сүйене отырып  соның салдарынн талап арызды толық қанағаттандыруды  сұрады. 

Соттың шешімімен «У»-ның қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру  құқығының орнына алынбаған 2 633 148 теңге мөлшерінде  ақшалай өтемақының айырмасын және 26331 тенге мөлщерінде сот шығындарын  өндіру туралы  талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі