Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы әскери қызметкерлермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы Е.Б.Жұмабеков 6505 әскери бөлімінің әскери  қызметшілерімен кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - әскери тәртіптің негізі», «Мемлекеттік тілдің іс жүзінде қолдану аясын кеңейту» және   «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды»  атта тақырыптар бойынша  талқылау өткізді.

Судья әскери қызметшілердің тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлықпен байланысты аса маңызды әрекеттеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар ол  әскери сотымен айыппұл жазасымен сотталған  әскери қызметшілер бойынша мысал келтірді.

Сөйтіп, коррупциялық қылмыс жасағандарға тиісті мөлшерде айыппұлдар салынып және де олардың қылмыстық жолмен келген мүліктері тәркіленіп, мемлекеттік органдарда, Қарулы Күштерде өмірбақи мемлекеттік қызметті атқаруға тиым салынып, әскери  атақтарынан айрылатындарын айтып  мәлімдеді.

Сонымен қатар, Жумабеков істерді жүргізу кезінде мемлекеттік тілді қолдану туралы сұрақтардың басын көтерді. Әскери сотында бүкіл шығыс құжат айналымы мемлекеттік тілде жіберіліп, 100% көрсеткішті құрайды.

Сондықтан әскери сотқа жіберілген  талап арыздар және тағы басқа іс құжаттар  мемлекеттік тілде болуы тиістігін айтты.

Судья өз сөзін қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» атты ұлттық жоспарында көрсетілген    сот жүйесіндегі реформасы туралы  айтып өтті.  Және де,  енгізілген ақпараттық технологиялары мен олардың артықшылықтарын сот ісін жүргізілуін жеңілдетіп, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттырады, деді.

Тақырыптың кездесудің соңында әскери қызметшілер өз сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Осы іс шараға қатысушылар пайдалы және қызықты ақпаратты ортаға салғанына алғыстарын білдірді.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі