«Халыққа қызмет абыройлы құрмет» атты жас мемлекеттік қызметшілердің аймақаралық форумы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін одан әрі жоғарлату, көпшілікке насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған «Халыққа қызмет ‑ абыройлы құрмет» атты жас мемлекеттік қызметшілердің аймақаралық форумына қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Д.Талканбаева қатысты.

Атап өтсек, Көкшетау қаласында еліміздің 5 солтүстік өңірінен 150 ден астам жас маман келіп қатысты. Олар Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары және Астана қаласы.

Іс шараға қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»; «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»; «Ұлт жоспары -100 нақты қадамының іске асырылуы» тақырыптарына секциялық оқуларда сөз сөйледі.

Сонымен қатар форумда Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин, мемлекеттік қызмет саласының ардагері М.Кұлмағамбетов, ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің аппарат басшысы С.Ахметжанов пен «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубының президенті Д.Серғазина сөйледі.

Диалог форматында өткен форумда жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оған тұжырымды жауап алды.

Форумның екінші күні жастар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бурабайдың киелі орындарында болды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі