Ақмола гарнизоны әскери сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Н.Айтуғановтың, әскери прокурор А.Бурбаевтың, сонымен бірге әскери бөлім өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы А.Бабатов өз баяндамасында мемлекеттік тіл-мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу, сонымен бірге  еліміздің барлық аумағында қоғамдық қатынастар тілі болып табылады. Мемлекеттік тілдің мәртебесі өз деңгейіне көтеріліп келеді. Мемлекеттік тілді дамыту әр азаматтың, сонымен бірге мемлекеттік қызметшінің міндеті және қастерлі борышы екенін атап өтті.

Сот төрағасы А.Бабатов заңгерлердің назарына талап арыздарды мемлекеттік тілде тапсыру және татуластырып рәсімдерін қолданып істерді қараудың тиімділігі арттыру сонымен бірге, әскери қызметкерлер арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар мемлекеттік тілді қолдану барысында туындайтын сұрақтармен бөлісіп талқылады.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі