Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизоны әскери сотында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға әскери сот төрағасының міндетін атқарушы М. Аманжолов, сонымен қатар әскери соттың мамандары қатысты.

Кеңсе меңгеруші Д. Шаяхметов жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу, өтініштерді қарау мерзімдері, жазбаша өтінішке, бейне өтінішіне қойылатын талаптар бойынша толық түсінік берді.

Сондай-ақ, қатысушылармен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Семинар соңында сот қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі жөнінде Заңды  дұрыс қолдануы туралы нұсқау берілді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі