Әскери сот төрағасы халықаралық армия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдолла Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасында өткен 2017 жылғы Армиялық халықаралық ойындардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Армиялық халықаралық ойындарды ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ашты.  

Бұл іс-шараға Армения, Бангладеш, Беларусь, Венесуэла, Иран, Қытай, Қырғызстан, Греция, Әзірбайжан, Зимбабве, Үндістан, Мысыр, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тайланд, Тәджікстан, Өзбекстан, ОАР және Пәкістан мемлекеттері қорғаныс ведомстваларының өкілдері қатысты.

«Армиялық халықаралық ойындарды өткізу шынайы жауынгерлік бауырластық пен адами достықтың негізі болып табылады және Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы тарапынан лайықты қолдау тауып келеді. Армиялық ойындар көлемді әлемдік спорттық біріншіліктерден еш айырмасы жоқ, халықаралық ауқымдағы керемет іс-шара. Біз үшін оны ең жоғары деңгейде Қазақстанда өткізу үлкен абырой», - деді ҚР Қорғаныс министрі С. Жасұзақов.

Іс-шараның салтанатты бөлігінің соңында делегаттарға әскери база шеңберінде экскурсия ұйымдастырылып, олардың назарына қатысушы мемлекеттердің әскери техникалары және жалпы Қазақстан армиясының жаңашылдықтары ұсынылды. Одан әрі қонақтар «Этно-ауыл» кешеніне барып, қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері, қазіргі замаңғы суретшілер мен қолөнершілердің шығармашылығы және шеберлігімен танысты.

Әскери соттың төрағасы әскери қызметшілермен кездесу барысында, осындай түрдегі іс-шаралар елдер арасындағы достастық қарым-қатынастардың нығаю және әскери саладағы ынтымақтастық, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық және кәсіби шеберлік деңгейінің арту факторы болып табылатындығын айтып өтті. «Әрбір қатысушыға өз кәсіби шеберліктерін лайықты деңгейде көрсетуге мүмкіндік беру үшін, әскери қызметшілерге барлық жағдайлар жасалынған. Барлықтарңызға сайыстарда сәттілік тілеймін», - деді С.Абдолла.

Еске салсақ, Қазақстан екінші рет Армиялық халықаралық ойындардың қатысушыларын қабылдауда. Армиялық халықаралық ойындар шеңберіндегі «Артиллериялық атыс шебері», «Мергендік шебі» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының жарысы» байқаулары 2017 жылғы 1-9 тамыз аралығында «Отар» 40-шы әскери базасында өтеді. Жарыстарға қатысу үшін елімізге әлемнің 18 елінен 400-дей әскери қызметші келді. Бұл ойындардың басты мақсаты елдер арасындағы халықаралық достастық қарым-қатынастарды нығайту, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығында тәжірибе алмасу, сондай-ақ қару-жарақтарды көрсету мен жеке құрамды оқыту болып табылады. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі