Қорғаныс істер бөлімінің бастығына қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотында пара алғаны үшін Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына қатысты үкім жарияланды.

Қылмыстық істің  материалдарына сәйкес, Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымды тұлға бола тұра, өзінің қызметтік бөлмесінде, азаматша «Е»-ден оның әкесіне жылдам және тосқауылсыз әскери билетті жасау үшін 50 000 теңге пара алған.

Пара алғаннан кейін «Д» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен қолға ұсталды.

Сотта сотталушы өзінің кінәсін толығымен мойындап, процесстік келісімді өз қалауы бойынша жасағанын айтып, процесстік келісімді қолдады.

Сот үкімімен «Д» ҚР ҚК-нің 366 бабының 1 бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 2 млн 500 мың теңге мөлшерде айыппұл салынып, мемлекеттік органдардағы қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар, бұрынғы басшы «подполковник» әскери шенінен айырылды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі