Қазақстан Республикасындағы гендірлік саясат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасындағы гендірлік саясат» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шарада «Қостанай облысы бойынша іскерлік әйелдер Қауымдастығының» төрайымы З. Күшкімбаева және әскери соттың қызметкерлері, қатысты.

Өз сөзінде Күшкімбаева «Қазақстандағы қазіргі замандағы гендерлік жағдайы туралы, қандай басымдықтың негізінде олар құрылғанын атап өтті. 

Сонымен қатар, ол билік құрылымдарында әйелдер мен ер азаматтардың теңдестірілген қатысуына жету; экономикалық тәуелсіздікке бағытталған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша көтерілу; отбасының ішінде бірдей құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін жағадайлар жасау; жыныс нысаны бойынша зорлық-зомбылықтан толық босату сияқты гендерлік саясаттың негізгі міндеттеріне тоқталып өтті . 

«Әйелдердің қоғамдық белсенділігінің өсуіне байланысты олардың бүкіл өмір аясындағы қызметінің маңыздылығы көтеріледі»,- деді З. Күшкімбаева.

Іс-шараның соңында, М.Аманжолов пайдалы ақпарат бергеніне және уақыт бөлгені үшін З.Күшкімбаеваға алғысын білдіріп, «дөңгелек үстелдің» қатысушыларына гендерлік тендіктің күшейтілуінің маңыздылығына баса назар аударды.  

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі