«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылғы тамыздың 2-де Ақтөбе гарнизоны әскери сотының бас маманы -  сот мәжілісінің хатшысы Г.Ж.Торжимбаева сот қызметшілері арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізді.

Өз баяндамасында Г.Ж.Торжимбаева Әдеп кодексі бойынша жалпы түсінік беріп, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын айтты. Ол Әдеп кодексін қабылдаудағы негізгі мақсат - бұл мемлекеттік қызметшілердің моральдық, адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне жоғары талаптар қойылатындығын атап өтті.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіретіндігін көрсетті.

«Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Мемлекеттік қызметшілер осы құжатқа сай, Қазақстан Республикасының Президентінің ұстанған саясатын қолдап, оны іс жүзінде орындауға және өз қызметімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы керек, жұмыстарында заңдылықты басшылыққа алып, қоғам мен мемлекет пайдасына қызмет етуі қажет», - деді Торжимбаева Г.

Семинар сабағы барысында туындаған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі