Борышкерден ҚР ҰҚК ШҚ Академиясында оқуға кеткен берешек мемлекет пайдасына өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі» ММ-нің борышкер Қ.-тан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Академиясында оқуға кеткен 1 724 439 теңге қаражатты өндіріп алу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызы қаралды.

Академия бастығының бұйрығына сәйкес, жауапкер Қ.-мен курсанттық құрам лауазымында әскери қызметін өткеруге келісім шарт бекітілгені сотпен анықталды.

Бекітілген келісім шарт аясында, курсант Қ. аталған әскери-оқу орынның толық курсын бітіріп, оқу барысында мамандық бойынша жүйелі түрде және тереңірек теориялық-практикалық білімді игеріп, белгіленген уақытта оқу жоспарына сәйкес, емтихандарды тапсыруға міндеттенген.

Өз кезегінде Академия курсант Қ.-ты әскери қызметтің жеткілікті деңгейімен, әскери қызметті өткеруге арналған  қаражатпен, киім-кешекпен және басқа да нормалар мен тәртіптке сай келетін, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген қаражаттармен материлдармен қамтамасыз еткен.

Жазғы емтихандық сессияны тапсыру кезінде, 2016/2017 оқу жылының өтпелі аттестациясын тапсыруда, курсант Қ. «шекараны күзету қызметі бойынша қызметтік басқару» дәрісінен қанағаттандырарлық баға ала алмаған. Оған аталған дәрісті қайта тапсыру мүмкіндігі берілген. Алайда мұның өзі оның бағасын жақсартуға оң нәтижесін бермеген. Академиялық қарызды қайта тапсыру кезінде қанағаттандырарлық баға ала алмауына байланысты, ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы бастығының 08.08.2017 жылғы бұйрығына сәйкес, жауапкер Қ. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР заңының 26 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына сәйкес,  «теріс қылығы үшін» оқудан шығарылды.

Әскери соттың сот бұйрығына сәйкес, Қазақстан Респбуликасы ҰҚК Шекара қызметі Академиясында оқуға кеткен 1 724 439  теңге берешек мемлекет пайдасына өндірілді.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі