Азаматтарды қабылдау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының міндетін атқарушы Б.Дарибаев азаматтарды қабылдады.

Қабылдау  барысында ол сот жүйесіндегі жүргізілген реформалар, сот төрелігінің жаңартылған құрылымы мен ашықтығы жөнінде, қылмыстық құқықтық заңнаманың жаңа өзгерістері жайында, тұрғын үй мәселесі туралы айтып өтті.

Мүлкін тәркілеу кезінде  Заңды қолдану жөнінде түсіндіру туралы өтінішпен жүгінген азаматша О. Первушинаның сұрақтарына төраға міндетін атқарушысымен  толық жауаптар берілді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні кез келген азамат өзін қызықтырған мәселелер бойынша askeri.sud.kz сайтындағы «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы сотқа хат жолдау арқылы немесе ҚР Әскери соты төрағасының Блогына сауалдар жолдау арқылы жүгіне алатындығы түсіндірілді.

 

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі