100 литр керосинді ұрлаған әскери қызметші айыппұл жазасына сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Карағанды гарнизонының әскери соты ҚР ҚК-інің 187 б. 1 б. (қомақты емес мөлшердегі бөтеннің мүлкін ұрлау, ұсақ-түйек жымқыру) айыпталған кіші сержант «Р»-ға. қатысты сот үкімін көшпелі сот отырысында  жариялады. 

Іс материалдарына сәйкес Р., өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып,   қызметтік ПАЗ автобусымен әскери бөлімінің паркіне кіріп, цистернодан 100 литр авиациялық керосинді құйып алған. Бөлім аумағынан шыға берісінде бақылау-өткізу пунктісінде Әскери полиция бөлімінің қызметшілерімен қолға ұсталған. Ұрланған керосин оның автобусы ішінен  табылды.

Сот үкімімен «Р» ҚР ҚК-інің 187 б. 1 б., көрсетілген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  оған  30 айлық есептік көрсеткіш, немесе 68 070 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім шағымдалмаған және заңды күшіне енді.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі