Архив событий

19/03/2015

«Дельфин» балалар үйінің бүлдіршіндерін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтау

19/03/2015

    2015 жылғы 19 нарурызда Қостанай гарнизоны әскери сотының ұжымы «Наурыз» мейрамын өткізуге қатысты жоспарлаған іс-шаралар шеңберінде Қостанайдағы «Дельфин» балалар үйіне барды. Әскери соттың төрағасы А.О. Исабеков пен соттың қызметкерлері балалар үйінің барлық жұмыскерлері мен бөбектерін шын жүректен осы мейраммен құттықтап, балаларға сыйлықтар беріп, жемістерге ауыз тигізді.

  Соттың қызметкерлері балалардың әрбірімен танысып, олармен бірге ойындарға қатысты.

Сот отырысының дыбыс және бейне үнтаспа арқылы жазу жаңа технологиясын енгізу туралы дөңгелек үстел өткізілді

19/03/2015

2015 жылдың 19 наурызында Ақмола гарнизоны әскери сотында сот отырысының дыбыс және бейне үнтаспа арқылы жазу жаңа технологиясын енгізу туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде ҚР Заңнамасының еңгізілген жаңа өзгертпелерге және заңның өзгерістерге сәйкес сот отырысының электронды жүргізу талаптары талқыланды.

 Дөңгелек үстелге қатысушылар дыбыс және бейне үнтаспа арқылы сот отырысының жүргізу сот отырысы хатшыларының жұмысын жеңілдетіп, сотқа қатысушыларды тәртіпке салатындығы айтып кетті.

«Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық сервисіне қатыстыдөңгелек үстел өтті

19/03/2015

2015 жылдың 18 наурызында Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасыБ.С.Дәрібаевтың төрелігіменАқтөбе қаласы 30238 әскери бөлімінде «Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық сервисі тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға Ақтөбе гарнизоны әскери прокуроры, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің,ҚР Ұлттық Ұлан гвардиясы 6655 әскери бөлімінің, ҚР  ҰҚК ШҚ 2030 әскери бөлімінің, 30238 әскери бөлімінің жеке құрамы мен заңгерлері,сонымен қатар Ақтөбе гарнизоны әскери полициясының бастығы мен Ақтөбе қалалық Қорғаныс Істер жөніндегі басқармасының заңгері қатысты.

Заңның талабына сай.

19/03/2015

Ақмола гарнизоны әскери сотында қызмет атқарушылық тұрғын үй бойынша ақшалай айырмашылық төлем арызы бойынша азматтық ісі қаралды.

2014 жылдың сәуір айында Д. азаматына ақшалай компенсация төленген болатын. Оның құқығында ҚР 2013 жылғы наурыз айына сәйкес келетін орташа нарықтық бағасы сақталатын шаршы метр қызметтік тұрғын үй алатын.

Талапкер ҚР ҚМ-не 2014 жылға сәйкес келетін орташа нарықтық бағасы сақталатын ақшалай айырмашылық төлеуді талап етуін сұрады.

Ақмола гарнизоны әскери сотының шешімі бойынша арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қанағаттандырудан бас тартылды.

19/03/2015

Ақтау гарнизоны әскери соты әскери қызметші Ш-тың  әкесі мен анасын асырауында болу фактісін анықтау туралы азаматтық істі қарады.
Сот отырысында Ш. өзінің әкесі мен анасын әскери жанұя мүшелігіне тіркеу және қамқорлығымда болу фактісін анықтауға, сонымен қатар қазіргі таңда өзінің жанұя мүшелерімен әкесі мен анасының ағасының пәтерінде тұрып жатқандығын, ағасының жанұясында 6 адам бар екендігін айта келе, соттан заң жүзінде  асырауында болу фактісін анықтауды сұраған.

Үкім заңды күшіне енген.

19/03/2015

Ақмола гарнизоны әскери сотымен шығарған үкімі заңды күшіне енген.

Осылай, әскери қызметкер Н. халық денсаулығына және иманжылыққа қарсы қылмыс құқық бұзушылықты жасап, "гашиш" есірткі заттын мақсатсыз заңсыз сатып алып, өзіңе сақтады.

2015 жылдың 18 ақпанында Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен әскери қызметкер Н. ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 тармағымен кінәлі деп танылды, оған жаза ретінде айыппұл салынған.