Архив событий

18/03/2015

Мемлекеттің мүлкіне заңсыз қол сұққан ...

18/03/2015

17 наурыз 2015 жылы Талдықорған гарнизонының әскери соты көшпелі сот отырысында ҚР ҚК-нің 176 бабы 3 бөлігі "г" тармағымен айыпталған 2091 әскери бөлімінің старшинасы М. қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Қарағанды гарнизоны әскери сотының қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермей оның алдын алу мәселесі» атты тақырыпта семинар өтті

18/03/2015

 Қарағанды гарнизоны әскери  сотының төрағасы Қ.С.Байжанов әскери соттың қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермей оның алдын алу мәселесіне  тоқталып,  тәлім-тәрбиелік мәні бар семинарлық оқу өткізді.

 Бас қосуда әскери  соттың сыбайлас жемқорлықпен  күресу бағдарламасының негізгі принциптеріне қатысты шаралар  жанжақты талқыланды.     

 Талқылау қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресу – әрбір азаматтың міндеті деген ортақ пікірге келді.