Архив событий

06/03/2015

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директоры Н.Жоламановқа қатысты сот үкімі жарияланды

06/03/2015

Бүгін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында генерал-лейтенант Нұрлан Айтманұлы Жоламановқа және подполковник Қайрат Көпжасарұлы Балмағамбетовке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жария етілді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында

06/03/2015

Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Ж.Жүнісбеков сот ұжымын және сот жүйесінің ардагерлері Лукьяненко Татьяна Григорьевна мен Литвиненко Людмила Романовнаны құттықтап, гүлшоқтар мен естелік сыйлық табыстады.

Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын

06/03/2015

 

    Бүгін Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ә.Б.Каженов 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өткізді.

   Іс-шараға  Қазақстан Республикасы Әскери сотының, Ақмола гарнизоны әскери сотының, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының ұжымы қатысты.

2015-2025 жылдарға көзделген ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия

06/03/2015

2015-2025 жылдарға көзделген ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия

 

           ҚР-сы Ұлттық ұланының Әскери институтында 2015 жылғы 6 наурызда «2015-2025 жылдарға көзделген ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» тақырыбымен дәріс өткізілді. Мұнда аталмыш стратегияның ұғымы, оның бағыты, жалпы  қылмыстық мәні бар және сондай-ақ әскери қызметіне байланысты құқық бұзушылықтар бойынша алдын алу іс-әрекеттерді өткізу туралы ұғымдар ашылып анықталды.