Архив событий

11/03/2015

Алқабилер соты адам өлтіруге оқталған қылмыскерге қатысты үкім шығарды

11/03/2015

   Бүгін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында алқабилер соты ҚР ҰҚК-нің 6 Департаментінің аға оперативтік уәкілі   А.К.Алпысбаевты, сонымен қатар азамат М.Х. Хасенов пен С.В. Логвиненконі адам өлтіруге тапсырыс бойынша ұйымдасқандары үшін айыпты деп таныды. Олар  ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігі «ж,з»-тармақтарында (адам өлтіруге оқталу), 24-бабының 1-бөлігінде, 96-бабының 2-бөлігі «ж,з,»-тармақтарында (адам өлтіруге дайындалу) көзделген қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп таныды.